Ертөстік
Телефоны приемной:
+7(72637) 3-43-16
+7766745066
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпы ата -аналар жиналысының хаттамасы
27
октябрь
2023

Жалпы ата -аналар жиналысының хаттамасы

«Гүлсім» балабақшасының кезекті жалпы ата-аналар жиналысының
№1 хаттамасы
Төрайымы:Г.Умарбекова 27. 10.2023ж.
Хатшы: А.Шербаева
Жиналысқа қатысқан: 46 ата-ана
Себептен қатыспағаны: 4
Тақырыбы: «Білімге ұмтылу, еңбек сүйгіштік және отаншылдық»
Міндеті: ата-аналар мен балабақша қызметкерлері мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу-білім беру процестерінің ерекшеліктерін бірлесе іске асыру жолдары туралы пікірлесу

Күн тәртібінде:
1.Балаларды мәдени-әлеуметтік нормаларға баулу, отбасылық құндылықтарға,патриоттық сезімге тәрбиелеу. ( баяндамашы меңгеруші Г.А.Ешеева)
2. «Жаңа оқу жылындағы тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» (баяндамашы әдіскер Н.Уразбекова)
3.Балалардың психологиялық жас ерекшелігі.( психолог Д.Х.Абишева)
4.Әртүрлі мәселелер

1-мәселе бойынша балабақша меңгерушісі Г.А.Ешеева сөз алып, жаңадан келген ата-аналар жиналысына келген ата-аналармен жеке танысыпты. Ұйымдастырылып отырған ата-аналар жиналысының тақырыбымен таныстырып, балаларды мәдени-әлеуметтік нормаларға баулу, отбасылық құндылықтарға,патриоттық сезімге тәрбиелеу мәселесін айтты.
- Oтбaсы – барлығымыздың жүрегімізге ең жақын сөз. Ол – махаббат пен тыныштықтың, мейірім пен жарасымның, қуаныш пен мерекенің мекені. Адам баласының өсіп-өнетін алтын ұясы. Cыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай ғана Отан. «Oтан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю – отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы баспалдағы. Оның ер жетіп, бойжетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік қасиеттерінің белгілері отбасында қалыптасады. Барлығымызға белгілі – әлемдегі біздің ең шынайы байлығымыз – ол, әрине біздің отбасымыз. Әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары үлгілерін сіңіретін де отбасы.
Егер адам отбасының үлкен құндылық екенін түсініп, ата-ана алдындағы парызын өтеуге бейімделген болса өсе келе ол бұл бағыттың біртіндеп Отан алдындағы борышымен, азаматтық парызына ұласатынын аңғарады. Сондықтан әр ата-ана баланың отб oның отбaсында қaндай дәстүрлер бар және олар қаншалықты маңызды деп Ата-аналардан өз отбасында қандай құндылықтар, салт-дәстүрлерді ұстанатындарын сұрап, жауаптарын алды.
Сөзін қортыта келе, ұлы Абай атамыздың: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады: біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстаздан, үшіншісі – құрбысынан»,- деді
Сондықтан құрметті ата-аналар: қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де, ата-ана бала тәрбиесіне мән берулері тиіспіз, деді.
2 – мәселе бойынша балабақша әдіскері Н.Б.Уразбекова сөз алып,жаңа оқу жылындағы тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін айттып, слайд арқылы ата-аналарға хабардар етті.
- Құрметті ата-аналар, білім беру ортасының белгілі бір сапасын, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етпейінше бала тұлғасының толыққанды дамуы мен денсаулығын сақтау мүмкін емес. Қауіпсіздік – тұлғаның қалыпты дамуы, қоғам, әлеуметтік орта үшін қажетті жағдай. Қазіргі әлемде ешкім техногендік апаттардан да, табиғи апаттардан да сақтандырылмаған. Бүгінде өмірдің өзі ересектерді ғана емес, мектеп жасына дейінгі балаларды да өмір қауіпсіздігі негіздеріне оқыту қажеттілігін дәлелдеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасы мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізу үшін әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Мерекелер мен ойын-сауық мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басын қалыптастырудың маңызды факторы болып табылады. Сонымен қатар, балалардың шығармашылыққа деген қызығушылығын оятады, ұжымда әрекет ету қабілетін дамытады, қоғамда мінез-құлық тәжірибесін жинақтауға, бастамашылық пен дербестік танытуға ықпал етеді. Қазіргі кезеңде адаммен табиғаттың дәстүрлі өзара әрекеті жаһандық экологиялық проблемаға айналды. Егерде адамдар таяу арада табиғатты қорғауды үйренбесе, онда олар болашағына зиян келтіреді, оның алдын алу үшін экологиялық мәдениет пен жауапкершілікке тәрбиелеуіміз қажет. Экологиялық тәрбие мектепке дейінгі жастан басталуы тиіс, себебі балалық шақтың осы кезеңінде бала табиғат туралы эмоционалды әсерде болады, өмірдің әртүрлі нысандары туралы түсінік, яғни экологиялық ойлаудың, сананың негіздері қалыптасады, экологиялық мәдениеттің бастапқы элементтері қаланады, дей келе топтардың жаңа оқу жылына дайындығы туралы айта келе,дамытушы заттық-кеңістіктік ортаны - балалардың заттар мен ойыншықтарға еркін қолжетімділікті және күні бойы немен айналысатынын өз бетінше таңдауын, өз идеяларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, олардың бастамасын қолдау үшін жоспарланған әртүрлі материалдары бар екенін айтты.
3. – мәселе бойынша балабақша психологі: Д.Х.Абишева сөз алып, «Балалардың психологиялық жас ерекшелігі» тақырыбында ата-аналармен әңгімелесті.
- Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде маңызды орын алатын іс - әрекет бұл үй жұмысына, еңбегіне баланың қатысуы. 4 – 5 жастан бастап, бала үйде ылғи да істейтін жұмыс жүктелуі тиіс және бұны норма деп қарастыру керек. Бұл баланың жеке даралық дамуына зор ықпал етеді. Үй жұмысы барысында балада мұқияттылық, жауапкершілік, еңбекқорлық және т.б. пайдалы сапалары тәрбиеленеді. Бұл тек қана ата – анасына көмектесу үшін ғана қажет емес, сонымен қатар болашақта еңбекке икемділікті үйрену үшін де қажет.
Д.Х.Абишева мектепке дейінгі кезеңде бала психикасы дамуының негізгі бағыттары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шешімі:
1.Балабақша тәрбиешілерімен ата-ана арасында тығыз қарым-қатынас орнатылсын.
2. Ата-ана бала тәрбиесіне мән беру.
3. Жиналыстың тақырыбы бойынша балалармен бірлескен әртүрлі танымдық іс-әрекеттер өткізілсін.
Төрайымы: Г.Умарбекова
Хатшы: А.Шербаева
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив