Ертөстік
Телефоны приемной:
+7(72637) 3-43-16
+7766745066
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кезектен тыс жалпы ата-аналар жиналысы
31
март
2023

Кезектен тыс жалпы ата-аналар жиналысы

Кезектен тыс жалпы ата-аналар жиналысының №3 хаттамасы Жиналысқа қатысқан: 48 ата-ана 31. 03.2023ж. Себептен қатыспағаны: 0 Күн тәртібінде: 1. Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 29 наурыздағы №02-1327 хатына сәйкес,Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының 14.03.2023 жылғы №3Т-2023-0042982 хатының негізінде: мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеленушілердің ата-аналарынан алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшерін көтеру туралы ұсыныс. 2. Ата-аналардан сауалнама алу. 1-мәселе бойынша балабақша меңгерушісі Г.А.Ешеева сөз алып, - Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 29 наурыздағы №02-1327 хатына сәйкес, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының 14.03.2023 жылғы №3Т-2023-0042982 хатының негізінде: мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеленушілердің ата-аналарынан алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшерін көтеру туралы ұсынысымен ата-аналарды таныстырды. - Құрметті ата-аналар мектепке дейінгі жастағы балалардың толық және калориялы тамақтануы үшін барлық жагдайын жасау арқылы, бала ағзасына пайдалы дәрумендері бар: ет, балық, сүт және сүт өнімдерін, жұмыртқа, жеміс-жидектер мен көкөністер, қант және кондитерлік бұйымдарды, нан, дәнді-дақылдар және т.б. азық-түліктерін күнделікті тамақ үлесіне қосып отырған жағдайда, баланың берік денсаулығын қамтамасыз ете аламыз. Өздеріңіз көріп отырғандай барлық азық-түлік бағалары қымбаттауда. Осыған қарамастан біз балалардың балабақшада үш мезгіл сапалы тамақтануын қамтмасыз етіп отырмыз, дегенмен қаңтар айынан бастап баланың тамақтануына төленетін төлемақы жеткіліксіз болып отыр, балабақшаның ең маңызды міндеті: баланың тамақтануының сапасы мен дұрыс физикалық дамуын қадағалап, қажетті дәрумендермен қамту, деді. Балабақша медбикесі: Гарнова Надежда Петровна сөз алды. - Дұрыс тамақтану балалардың денесі мен ақылының бірқалыпты дамуы үшін мәні зор. Мектеп жасындағы балалардың рационында азық – түліктің барлық негізгі топтары, әсіресе, көкөністер, жемістер мен жидектер, астық тұқымдастар (нан және нан-тоқаш өнімдері, ет және ет өнімдері, балық және балық өнімдері, сүт және сүт өнімдері, жұмыртқа, болуы қажет. - Сонымен қатар, балалардың тағамдық рационында нан, жарма, әсіресе қарақұмық болуы керек. Бұл өнімдер өсімдік майларының, Е, B1, B2, PP дәрумендерінің көзі болып табылады. Мектепке дейінгі мекемелерде таңғы ас, екінші таңғы ас, түскі ас, бесін ас және осы тағамдардың үшеуі ыстық тағаммен қамтамасыз етіледі. Тамақтану - баланың физиологиялық және психологиялық өсу үдерісінің қалыпты, дұрыс өтуін қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі, Тамақ сапасының төмендеуі бала ағзасының қорғау-бейімдеу механизмінің деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады және аллергиялық әрекеттің өсуіне мүмкіндік туғызады, сондай-ақ асқорыту ағзасының ауруына себепші болады. Сондықтан да біздің балабақшада тамақ сапасына ерекше көңіл бөлінеді деп, мекемеде тамақты ұйымдастырудың негізгі принциптерін айтты. «Балапан» ортаңғы тобының ата-анасы: Ейзжанова Бақыт сөз алып, - Мен балабақша меіңерушісі Гульсун Алиевнамен толық келісемін, себебі өзіміз көріп отырғандай, азық –түлік бағасы күннен күнге көтерілуде. Осыған қарамастан «Гүлсім» балабақшасының балаларды тамақтандыру сапасы жақсы, ас мәзірімен күнделікті танысып, көріп, отырамыз. Ас мәзірінде көрсетілген тағамдар балалардың жасын ескере отырып, олардың физио¬ло¬гиялық қажеттіліктеріне сәйкес келетін, құрамында құнды дәрумендері бар өнімдерден құрылған, деді. Сөз алған ата-аналар: Д.Есіркепов, М.Шербаева, А.Чаушева, З.Бокышева және басқа ата-аналар да, мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеленушілердің ата-аналарынан алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшерін көтеру туралы ұсыныспен толықтай келісетіндерін айтты. 2- Мәселе бойынша барлық ата-аналардан сауалнама толтырылып, алынды. Шешімі: 1. Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 29 наурыздағы №02-1327 хатына сәйкес, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының 14.03.2023 жылғы №3Т-2023-0042982 хатының негізінде: мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеленушілердің ата-аналарынан алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшерін көтеру туралы ұсынысын «Гүлсім» балабақшасының тәрбиеленушілерінің ата-аналары 100% қолдау көрсетті деп, есептелінсін. 2. Сауалнама қорытындысы тіркеуге алынсын.(Сауалнама 1-қосымша, сауалнама қорытындысы 2-қосымша ) Жиналыс төрайымы: Г.Ешеева Хатшысы: Н.Омарова 2-қосымша Кезектен тыс жалпы ата-аналар жиналысындағы ата-аналардан алынған сауалнама қорытындысы: Ата-аналар саны-48 Сауалнама саны-50 Келісемін-50 Қарсымын-0 Жиналыс төрайымы: Г.Ешеева Хатшысы: Н.Омарова [b][/b]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив