Ертөстік
Телефоны приемной:
+7(72637) 3-43-16
+7766745066
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Өзін-өзі бағалау қорытындысы
28
май
2023

Өзін-өзі бағалау қорытындысы

Байзақ ауданы білім бөлімінің «Гүлсімл» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
өзін-өзі бағалау
ҚОРЫТЫНДЫСЫ


Қостөбе ауылы «28» мамыр 2023 жыл


1. Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы:
1) Білім беру ұйымының аталуы, орналасқан жері (заңды мекен-жайы және нақты орналасқан мекен-жайы:
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Гүлсім» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Қостөбе ауылы, Аулие Ата көшесі №73

2) Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электронды пошта, web-сайт):
8 7773995126, baizak.gulsim@yandex.kz
3) Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының ФАӘ және лауазымға тағайындау бұйрығы туралы деректер):
Ешеева Гульсун Алиевна 1990 жылғы 1 сәуір айында №65/1 бұйрық бойынша меңгеруші лауазымына тағайындалған.
4) Құқық беруші және құрылтайшы құжаттар:
Алғашқы мемлекеттік тіркеу күні:
Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама 2009 жылы 24 наурызда берілген.
БСН:04124000592927.01.2021жылы берілген. Жарғысы: Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы қаулысына 53-қосымшасы.
Медициналық лицензия-№18016982
Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімшілігінің 2018 жылдың 11 қыркүйек.
5) Рұқсат етуші құжаттар: Қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы №KZ95722S000000218322 Берілген күні:19.12.2019 жыл.

2.Кадрлық құрамға талдау:
1) тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі бар педагогтер туралы мәліметтер немесе педагогикалық қайтада даярлауды растайтын құжат, оның ішінде базалық білімі жоқ педагогтер туралы мәліметтер:
2020-2021 оқу жылында 9 педагог жұмыс атқарды. 1- магистр, 6 -жоғары білімді, оның ішінде 4 педагог - «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бар. Арнайы орта білімі бар педагогтар-2, оның «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бар-2.
2021-2022 оқу жылында 8 педагог жұмыс атқарды. 5- жоғары білімді, оның ішінде 4 педагог - «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бар. Арнайы орта білімі бар педагогтар-3, оның «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бар-2.
2022-2023 оқу жылында 8 педагог жұмыс атқарады. 6-жоғары білімді,оның ішінде 4 педагог - «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бар. Арнайы орта білімі бар педагогтар-2, оның «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бар-2.
2) мемлекеттік білімберу ұйымы басшыларының үш жылда бір рет аттестаттаудан өткендігі туралы мәліметтер:
2020-2021 оқу жылында меңгеруші Ешеева Гульсун Алиевна -өтпеген.
2021-2022 оқу жылы меңгеруші Ешеева Гульсун Алиевна – өтпеген.
2022-2023 оқу жылы меңгеруші Ешеева Гульсун Алиевна – өтті.
3) кемінде бес жылда бір рет педагогтердің біліктілік санатының деңгейін арттыру/растау туралы мәліметтер:
2020-2021 оқу жылында 9 педагог:
Жоғары санат -2 педагог.
І санат -3 педагог.
Педагог модератор-2.
ІІ санатты –2.
2021-2022 оқу жылында 8 педагог:
Жоғары санат -1 педагог.
Педагог сарапшы – 1.
І санат – 2.
Педагог модератор-3.
ІІ санатты – 1.
2022-2023 оқу жылында 7 педагог,
Жоғары санат -1 педагог.
І санатты – 1.
Педагог-сарапшы-2.
Педагог модератор-3.

4) кемінде үш жылда бір рет басшы кадрлардың, педагогтердің біліктілігін арттыру туралы мәліметтер:
2020-2023 оқу жылы біліктілігін арттырған Республикалық «Даму» педагогикалық- психалогиялық дамыту орталығына 2 педагог, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» тақырыбында 72 сағаттық курстан 2 педагог біліктілік арттыру курстарынан өткен.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығында 235 сағаттық оқыту курсында 1 тәрбиеші, 2 академиялық сағаттық оқыту вебинарына 2 педагог қатысып, курстарынан өткен.
1. Ешеева Гульсун Алиевна 25.01.2020 жылы «Халықаралық білім беру академиясы» "Мектепке дейінгі ұйымдардағы нормативтік-құқықтық база"
2. Уразбекова Нағима Баймахановна 05.04.2020 жылы «Халықаралық білім беру академиясы» "Балаларды түзете дамыту көмегін көрсету мен қызметін ұйымдастыруда мамандардың психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмыстары"
3. Польстер Елена Александровна 04.03.2021 жылы Республикалық «Даму» педагогикалық- психалогиялық дамыту орталығы. "Мектепке дейінгі білім берудегі әдістемелік ұйымдастырушылық педагогикалық аспектілері"
4. Ешеева Гульнара Есенгельдиевна 13.04.2021 жылы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" "Мектепке дейінгі ұйымдарда онлайн құралдарын қолдану жолдары"
5.Тұрғынбай Арайлым Баймұратқызы 01.06.2021жылы «Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласы филиалы."Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы" бойынша 235 академиялық сағат көлемінде оқу курсын аяқтады.
6. Жуанышева Жұмакуль Бериковна 13.06.2022жыл "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту"
7. Маткалыкова Айнур Ерикқызы 20.01.2023 жылы Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық біліктілікті арттыру орталығы "Мектепке дейінгі білім беру педагогтарының кәсіби құзыреттілігін дамыту" 80 сағаттық курсын бітірген.
3.Тәрбиеленушілер контингенті:
1) жасына байланысты, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілер контингенті туралы мәліметтер:
2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар тәрбиеленушілер жоқ.
2) ерекше білімберу қажеттіліктері бар балаларды ескере отырып жас топтарының толықтығы туралы мәліметтер:2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар тәрбиеленушілер болмағандықтан топ топтастырылған жоқ.
3) әр-түрлі жас топтарының болуы туралы мәліметтер: 2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарында әр түрлі жас топтары топтастырылған жоқ.
4) білім алушылар (тәрбиеленушілер) контингентінің қозғалысы туралы мәліметтер:
Топтар 2020-2021 ж 2021-2022 ж 2022-2023 ж
Ортаңғы топ 25 28 24
Ересек топ 30 27 26
Барлығы 55 55 50

5) білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы мәліметтер:
Оқу жылы Бала саны
2020-2021 оқу жылы 55
2021-2022 оқу жылы 55
2022-2023 оқу жылы 50

6) балалардың жасын ескере отырып, жас топтарын қалыптастыру кезінде талаптарды сақтау:
Оқу жылы Барлық бала саны Топ саны Ортаңғы топ Ересек топ
2020-2021 55 2 1 1
2021-2022 55 2 1 1
2022-2023 50 2 1 1

7) 1-сыныпқа тәрбиеленушіні қабылдағанға дейін МДТО үлгілік оқу бағдарламасын игеру мерзімдерін сақтау:
2020-2021 оқу жылынды
1 ортаңғы топ 25 бала -3 жастан бастап;
1 ересек топ 30 бала -4 жастан бастап;
2021-2022 оқу жылынды
1 ортаңғы топ 28 бала -3 жастан бастап;
1 ересек топ 27 бала - 4 жастан бастап;
2022-2023 оқу жылынды
1ортаңғы топ 24 бала -3 жастағы балалар;
1 ересек топ 26 бала -4 жастағы балалар;
4.Оқу-әдістемелік жұмыс:
1) жұмыс оқу жоспарлары мен ұйымдасқан қызметтің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкестігі:
«Гүлсім» балабақшасында оқу –тәрбие үрдісі мемлекеттік білім беру стандарты мен нормативті –құқықтық құжаттарына негізделе отырып әзірленген. балабақшасыаптасына 5 күндік жұмыс атқарады. Балабақшасы тәрбиеленушілер сағат 8-00 -дан сағат 18-30 дейін. Балабақшасында 2 топ, тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленеді.
2020-2021 оқу жылында «Гүлсім» балабақшасының білім беру процесі «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті стандартына» 31 қазан 2018 жылғы №604 бұйрығы, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына /ҚРБҒМ 20.12.2012 жылғы №557 бұйрығының және 15.05.2020 жылдың №195 бұйрығының 1-қосымшасы, «Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары» 30.10.2018 жылғы №595 бұйрығы және 12.08.2016 жылғы №499 бұйрығына, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыз № 615 «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитарлық- эпидемиологиялық талаптар» санитариалық қағидаларды, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Коронавирус инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде білім беру ұйымында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығының 1-қосышасына сүйене отырып , жас ерекшеліктеріне қарай, әр топтың жұмыс оқу жоспары жасалды.
«Балапан» ортаңғы топ (3 жастан бастап), «Денсаулық» білім беру саласы -3, Денешынықтыру-3. «Қатынас» білім беру саласы-2, Сөйлеуді дамыту-1, көркем әдебиет-0,5, орыс тілі-05. «Таным» білім беру саласы-2,5, Математика негіздері -1, құрастыру-05, жаратылыстану-1. «Шығармашылық»-3, Сурет салу-1, мүсіндеу-0,25, жапсыру-0,25, музыка-1,5. «Әлеумет» білім беру саласы-0,5, қоршаған ортамен танысу-0,5. Ұйымдастырылған оқу қызметінің жалпы көлемі-11 сағат. Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы -15-20 минут. Вариативтік бөлім -1.
«Құлыншақ» ересектер тобы (4 жастан бастап), «Денсаулық» білім беру саласы -3, Денешынықтыру-3. «Қатынас» білім беру саласы-2,5, Сөйлеуді дамыту-1, көркем әдебиет-1, орыс тілі-05. «Таным» білім беру саласы-2,5, Математика негіздері -1, құрастыру-05, жаратылыстану-1. «Шығармашылық»-3,5, Сурет салу-1, мүсіндеу-0,5, жапсыру-0,5, музыка-1,5. «Әлеумет» білім беру саласы-0,5, қоршаған ортамен танысу-0,5. Ұйымдастырылған оқу қызметінің жалпы көлемі-12 сағат. Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы -20-25 минут. Вариативтік бөлім -2.
2021-2022 оқу жылында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті стандартына» 31 қазан 2018 жылғы №604 бұйрығы, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына /ҚРБҒМ 20.12.2012 жылғы №557 бұйрығының және 15.05.2020 жылдың №195 бұйрығыны және 15.05.2020 жылдың №195 бұйрығының 1-қосымшасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» 12.08.2016 жылғы №499 бұйрығы, «Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары» 30.10.2018 жылғы №595 бұйрығы, «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитарлық- эпидемиологиялық талаптар» санитариалық қағидаларды, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Коронавирус инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде білім беру ұйымында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілде №59 бұйрығына сүйене отырып балабақшаның оқу жоспары жасалды. Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі сақталған.Үлгілік оқу бағдарлама мазмұнын іске асыру барысында тәрбиеленушілердің жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салалары негізінде жүзеге асырылуда.
«Құлыншақ» ортаңғы топ (3 жастан бастап),
1. «Денсаулық» білім беру саласы -3, Денешынықтыру-3.
2. «Қатынас» білім беру саласы-2, Сөйлеуді дамыту-1, көркем әдебиет-0,5, орыс тілі-05.
3. «Таным» білім беру саласы-2,5, Математика негіздері -1, құрастыру-05, жаратылыстану-1.
4. «Шығармашылық»-3, Сурет салу-1, мүсіндеу-0,25, жапсыру-0,25,
музыка-1,5.
5. «Әлеумет» білім беру саласы-0,5, қоршаған ортамен танысу-0,5. Ұйымдастырылған оқу қызметінің жалпы көлемі-11 сағат. Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы -15-20 минут. Вариативтік бөлім -1.
«Балапан» ересектер тобы(4 жастан бастап), 1. «Денсаулық» білім беру саласы -3, Денешынықтыру-3.
2. «Қатынас» білім беру саласы-2,5, Сөйлеуді дамыту-1, көркем әдебиет-1, орыс тілі-05.
3. «Таным» білім беру саласы-2,5, Математика негіздері -1, құрастыру-05, жаратылыстану-1.
4. «Шығармашылық»-3,5,Сурет салу-1, мүсіндеу-0,5, жапсыру-0,5, музыка-1,5.
5. «Әлеумет» білім беру саласы-0,5, қоршаған ортамен танысу-0,5. Ұйымдастырылған оқу қызметінің жалпы көлемі-12 сағат. Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы -20-25 минут. Вариативтік бөлім -2.
2022-2023 оқу жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы№ 348 бұйрығына1-қосымша талаптарына сай құрылған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үлгілік оқу жоспары» ҚР Оқу-ағарту министрінің 09.09.2022 № 394 бұйрығымен бекітілген. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы №422 бұйрығымен. «Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы
№ 385 бұйрығы талаптарына сай жүзеге асырылады.
«Балапан» ортаңғы топ (3 жастағы балалар) «Дене шынықтыру» – аптасына үш рет, «Қазақ тілі»-аптасына бір рет, «Музыка»-аптасына бір рет. «Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет» , «Математика негіздері», «Қоршаған ортамен таныстыру», «Сурет салу», «Мүсіндеу», «Жапсыру» және «Құрастыру» күн сайын ұйымдастырылған іс-әрекеттерді кіріктіру арқылы жүзеге асырылады.
«Құлыншақ» ересек топ (4 жастағы балалар) «Дене шынықтыру» – аптасына үш рет, «Қазақ тілі»-аптасына бір рет, «Музыка»-аптасына екі рет. «Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет» , «Математика негіздері», «Қоршаған ортамен таныстыру», «Сурет салу», «Мүсіндеу», «Жапсыру» және «Құрастыру» күн сайын ұйымдастырылған іс-әрекеттерді кіріктіру арқылы жүзеге асырылады.
2)мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына және білім беру бағдарламаларына (вариативті, жеке, бейімделген, қосымша) сәйкес білімберу қызметін жүзеге асыру:
2020-2021 және 2021-2022 оқу жылының вариативтік бөлімі ортаңғы топта «Ертегілер елінде» -1, Керімбаева Р.Қ., Джайнақова К.К.,
Ересек топта Абдимұратова Г.Қ «Ертегілер елінде» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған әдістемелік құрал», Абдимұратова Г.Қ., «Ағылшын еліне саяхат».
Оқу жоспары №1 педагогикалық кеңесте бекітілді.
3) тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптардың сәйкестігі және сақталуы:
2020-2021 оқу жылында екі жас топтарында Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі сақталды.
1) «Балапан» ортаңғы топ (3 жастан бастап) – ұзақтығы 15-20 минуттан - 11 сағат;
2) «Құлыншақ» ересек топ (4 жастан бастап) – ұзақтығы 20-25 минуттан - 12 сағат;
2021-2022 оқу жылында барлық жас топтарында Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі сақталды.
1) «Құлыншақ» ортаңғы топ (3 жастан бастап) – ұзақтығы 15-20 минуттан - 11 сағат;
2) «Балапан» ересек топ (4 жастан бастап) – ұзақтығы 20-25 минуттан –
12 сағат;
2022-2023 оқу жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 394 бұйрығымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына сәйкес ортаңғы топ, ересек топтарда ұйымдастырылған іс-әрекет - мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени әлеуметттік нормаларға баулу, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын қалыптастыру бойынша міндеттерді іске асыру үшін күні бойы педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) арқылы кіріктіріліп өткізіледі.
5. Оқу-материалдық активтер:
1) Ғимарат туралы мәлімет (ғимараттипі, салынған жылы, жобалық қуаты, ағымдағы және күрделі жөндеу өткізуге қажеттілік және басқалары):
Балабақша ғимараты ыңғайластырылған, 1948 жылы пайдалануға берілген. Жобалық қуаты 55 бала, 2 топ. Күрделі жөндеу өткізуді қажет етпейді. Топ бөлмелерінің саны -2, медициналық бөлмелер -1, әдіскер кабинеті-1, музыка залы мен дене шынықтыру кіріктірілген –1. Аулада көлеңке қалқа-2. Бейнебақылау камараларының саны -8, оның ішінде: ғимарат ішінде-2, сыртында-3, топтарда-3.
2) Жиһаз және жабдықтармен қамтылу туралы ақпарат: Білім беру ұйымының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 тіркелген) сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандырылуы.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ- 59 бұйрығымен бекітілген "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын сақтай отырып жасақталған. «Гүлсім» балабақшасы жиһаз және жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. 2 топта ойын бөлмесінде шкафтар қабырғаға бекітілген, биіктігі бала бойына ыңғайластырылып қойылған, баланың еркін ойыншықтармен ойнауына жадғай жасалған. Үстелдер мен орындықтар ортаңғы, ересек топтарында 30 данадан, әр жас ерекшелікке сай биіктікте, екі топтың жатын бөлмелерінде екі қабатты 15 төсек-орындары қарастырылған. Төсек-орын жабдықтары, сүлгілер, тарақтар әр балаға жеке бөлінеді, ашық ұяшықтарда сақталады. Киім шешетін бөлмелер әр балаға сыртқы киімге арналған шкафтармен және орындықтармен жабдықталған.
2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарына жасалған мәліметтер
4-қосымшаға сәйкес ұсынылды.
6. Ақпараттық ресурстар және кітапханалық қор:
1) Оқу-әдістемелік кешендердің болуы туралы мәліметтер:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 22 мамырдағы 2020 жылғы № 216 бұйрығын негізге ала отырып оқу-әдістемелік кешендердің қорына келетін болсақ, құзіреттілік бойынша әдістемелік нұсқаулықтар әр топ тәрбиешілерінде бар («Сөйлеуді дамыту» Әдістемелік нұсқау Ұ. Смаилова 2018ж. Алматыкітап баспасы. «Сенсорика» Әдістемелік нұсқау Е.Виноградова, А. Байрова 2018ж. Алматыкітап баспасы. «Құрастыру» Әдістемелік нұсқау Ф. Жұмабекова, А. Ойшыбаева 2018 ж. Алматыкітап баспасы. «Дене шынықтыру» Әдістемелік нұсқау. О. Ничепай, Е. Юркова 2018ж. Алматыкітап баспасы. «Сөйлеуді дамыту» Әдістемелік нұсқау. А. Жұмаханова, М. Доскеева 2018 ж. Алматыкітап баспасы. «Сөйлеуді дамыту. Әдістемелік нұсқаулық. 3+» У. Ахметова, Р. Сахарханова, С. Жумагалиева. 2021ж. Атамұра. «Көркем әдебиет» Әдістемелік нұсқау 2018ж. Алматыкітап баспасы. «Көркем әдебиет. Әдістемелік нұсқаулық 3+» Н. Канайбекова, А. Канайбекова. 2021ж. Атамұра. «Математика негіздері. Әдістемелік нұсқаулық. 3+» Е. Рябова, Н. Сартаева. 2021ж. Атамұра. «Қоршаған ортамен танысу. Әдістемелік ңұсқау (электрондық нұсқа)» Г. Игнатенко,Д. Ильясова 2022ж. Алматыкітап баспасы. «Математика негіздері. Әдістемелік нұсқау (электрондық нұсқа)» С. Неверова, А. Ойшыбаева 2022ж. Алматыкітап баспасы. «Қауіпсіз мінез-құлық негіздері» «SANA Medina» ЖШС басылымынан «Қазақ халық ертегісі» сериясынан 8 кітап, «Шикула және К»ЖШС басылымынан 10 кітап алынды.
2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдары бойынша толық талдау
5-қосымшаға сәйкес ұсынылды.
7. Тәрбиеленушілердің білімдерін бағалау:
1) баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің оқыту нәтижелерінің болуы: Топтың мониторингі нәтижелері негізінде оқу жылына Баланың жеке даму картасы толтырылды. Баланың жеке дамыту картасында тәрбиеші кестеге дамытушы немесе түзету шараларын енгізді.
Бастапқы бақылау нәтижесіндегі шаралар (дамытушы, түзету) қазан-желтоқсан, аралық бақылау нәтижесіндегі шаралар ақпан-сәуір, қорытынды бақылау нәтижесіндегі шаралар маусым-шілде айларында жүргізіледі.
Қорытындыға Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында белгіленген күтілетін нәтижелерге сәйкес баланың даму деңгейін жазды.
Жеке картаны жас тобында жұмыс істейтін басқа педагогтермен ( дене тәрбие нұсқаушысы мен музыка жетекшісі) бірлесіп топ тәрбиешісі дербес толтырды.
2020-2021 оқу жылында ересек топта (4 жастан бастап) «Денсаулық», «Қатынас» , «Таным», «Шығармашылық» және «Әлеумет» бес білім беру салалары бойынша құзыреттерді қалыптастыруға бағытталады. Ересек тобында 30 тәрбиеленушіге, «Қыркүйек айында бастапқы диагностиканың нәтижелері бойынша Жеке даму картасы толтырылған, бастапқы, аралық бақылаулардан кейінгі түзету іс – шаралары циклограммада жүргізілген .
2021-2022 оқу жылында ересек тобында 27 тәрбиеленушіге, қыркүйек айында бастапқы диагностиканың нәтижелері бойынша Жеке даму картасы толтырылған, бастапқы, аралық бақылаулардан кейінгі түзету іс – шаралары циклограммада жүргізілген .
2022-2023 оқу жылында ересек тобында 26 тәрбиеленушіден қыркүйек айында бастапқы диагностиканың нәтижелері бойынша Жеке даму картасы толтырылған, бастапқы, аралық бақылаулардан кейінгі түзету іс – шаралары циклограммада жүргізілген. Жеке даму карталарының көшірмесі ресми интернет-ресурста орналастырылды.
2) тәрбиеленушілердің даму мониторингінің (бастапқы) нәтижелерінің болуы және талдауы: Мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесінің тиімділігі, сондай-ақ баланың даму динамикасы туралы диагностика негізінде
Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізілді
(бастапқы қыркүйекте аралық-қаңтарда және қорытынды-мамыр айында).
Мониторингтің мақсаты:
- баланың жетістіктерін қадағалау;
- балаларды тәрбиелеу мен дамытуда жеке тәсілдерді қамтамасыз ету;
- түзету іс-шараларын жедел жоспарлау негізінде білім беру процесін
жетілдіру;
- баланың Үлгілік бағдарлама мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау барысында мониторинг , жиынтық есеп көшңрмелерң салынды.

3) үлгілік оқу бағдарламасына қосымшаға сәйкес балалардың жасын ескере отырып, тәрбиеленушілердің жетістіктерін мониторингтеу нәтижелерінің болуы және талдауы қорытынды жүргізілді.

8. Білім беру процесіне қатысушылардың және басқа респонденттердің сауалнамасы:
Ұсынылатын білім беру қызметтеріне қанағаттану деңгейін анықтау бойынша білім беру процесіне қатысушылардың сауалнамасының нәтижелерін талдау: 2022-2023 оқу жылында балабақшада 1 ересек топ қатысты. «Гүлсім» балабақшаның білім беру қызметтеріне қанағаттану деңгейін анықтау үшін сауалнамаға ата-аналар қатысты. Сауалнама төмендагідей сұрақтардан тұрды:

1. Сіздің балаңыз балабақшаға қуана барады
толық келісемін – 89%
келісемін – 8%
келіспеймін – 3%
толық келіспеймін – 0%
2. Топта баланың оқуы мен өмірі үшін қолайлы атмосфера бар
толық келісемін –93%
келісемін –7%
келіспеймін – 0%
толық келіспеймін – 0%
3. Сіз топ тәрбиешілерінің қызметіне қанағаттанасыз
толық келісемін – 92%
келісемін – 8%
келіспеймін – 0%
толық келіспеймін – 0%
4. Сіз мектепке дейінгі ұйымның басқа мамандарының (музыкалық жетекші, қазақ, тілі педагог-психолог, арнайы педагог) қызметіне қанағаттанасыз
толық келісемін – 93%
келісемін – 7%
келіспеймін – 0%
толық келіспеймін – 0%
5. Мұғалімдер этика нормаларын, педагогикалық әдептілік пен балалармен қарым-қатынастағы әділеттілікті сақтайды
толық келісемін – 93%
келісемін –7%
келіспеймін – 0%
толық келіспеймін – 0%
6. Сіз балаңыздың дамуын байқайсыз ба
толық келісемін – 92%
келісемін – 8%
келіспеймін – 0%
толық келіспеймін – 0%
7. Мектепке дейінгі ұйымның оқыту және тәрбие жұмысы баланы мектепке дайындауға ықпал етеді
толық келісемін – 93%
келісемін –7%
келіспеймін – 0%
толық келіспеймін – 0
8. Балалардың тамақтануы талапқа сай және мектеп жасына дейінгі балалар үшін теңдестірілген
толық келісемін – 92%
келісемін – 4%
келіспеймін –4%
толық келіспеймін – 0%
9. Сіз балаңыздың жетістіктері мен мінез құлқы туралы ақпараттандыру сапасына қанағаттанасыз
толық келісемін – 90%
келісемін – 10%
келіспеймін – 0%
толық келіспеймін – 0%
10. Топ ата-аналарымен мектепке дейінгі ұйым мамандары: медицина қызметкері, психолог, қазақ тіл мұғалімі, музыка жетекшісі және т. б. балаңызды дамыту, тәрбиелеу және оқыту мәселелерінде консультациялық көмек көрсетіледі.
толық келісемін – 90%
келісемін –10%
келіспеймін – 0%
толық келіспеймін – 0%
11. Сіз балабақша ұжымының ұйымдастырушылық қабілетіне көңіліңіз толама
толық келісемін – 89%
келісемін –6%
келіспеймін – 5%
толық келіспеймін – 0%
12. Сіз мектепке дейінгі ұйымға материалдық көмек көрсетесіз бе
толық келісемін – 7%
келісемін – 4%
келіспеймін –89%
толық келіспеймін – 0%
13. Егер сіз жауаптардың кез келгенін түсіндіргіңіз келсе немесе мектепке дейінгі ұйым туралы түсініктеме қосқыңыз келсе немесе мектепке дейінгі ұйымның жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар бергіңіз келсе, мына жерді көрсетіңіз. Егер сізде шағымдар болса, сіз білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаментіне жүгіне аласыз немесе осында көрсетіңіз.
толық келісемін – 0%
келісемін – 7%
келіспеймін – 0%
толық келіспеймін – 93%
Қатысқандар саны: 26
Жалпы қорытынды:
толық келісемін – 84%
келісемін – 8%
келіспеймін – 4%
толық келіспеймін –4%

№ Қатысушылар Жалпы саны Қатысқандар саны Сауалнама жауабы
Толық келісемін Келісемін Келіспеймін Толық келіспеймін
1 Балабақшаның ересек тобының ата-аналары-
(13 сұрақ) 26 26
(100%) 22
(84%) 2
(8%) 1
(4%) 1
(4%)
2
Қатысқан тәрбиешілер-(19 сұрақ) 2 2
(100%) 1
(50%) 1
(50%)
Жалпы саны 28 28
(100%) 23
(83%) 2
(7%) 1
(3%) 2
(7%)



9. Кемшіліктер мен ескертулер, оларды шешу жолдары:
1. Топтарда заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны жабдықтау және жас топтары бойынша заттық кеңістіктік ортаны жабдықтау бойынша қойылатын талаптарды орындау:

10. Қорытындылар мен ұсыныстар:
Балабақшаның педагогикалық ұжымы оқу жылының барысында өз жұмысының оқу жоспарын, жылдық міндеттерін мемлекеттік білім беру стандарты мен нормативті-басқару құжаттарына негізделіп, талапқа сай жүзеге асырылды. Тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын нығайту жұмыстары жүйелі жүргізіледі. Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселелерді шешуде, яғни жан-жақты мәдениетті, шығармашыл, әлеуметке бейімделген тұлға қалыптастыру үшін тәрбиеші өзі де шығармашыл тұлға болуы тиіс.




[center][/center]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
AnthonyStist
29 августа 2024 18:01
деньгами ударение на какой слог падает http://www.algoblogus.ru как правильно пишется слово 300 openkrokzo.ru https://www.webpilyla.ru как обозначается удельная теплота плавления в физике sensorfaq.ru http://www.snotolkovatelnyi.ru как правильно писать воскресенье или воскресение snotolkovatelnyi.ru http://www.lukiblog.ru 1 к 100 это сколько