Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Гүлсім»балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(72637) 3-43-16
+7766745066
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қош келдің-Әз Наурыз"
17
март
2026
"Қош келдің-Әз Наурыз"
"Қош келдің-Әз Наурыз" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.  Балабақша аумағында киіз үй тігіліп, қазақтың ұлттық қолөнері мен тұрмыстық заттардан көрме ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілердің орындауында би,ән мен күйлер орындалды. Келген қонақтар "Тұсау кесу" рәсіміне қатысып ақ баталарын берді.
"Бесікке салу" рәсімі
17
март
2026
"Бесікке салу" рәсімі
"Бесікке салу" рәсімін балабақшамыздың "Құлыншақ" ортаңғы тобының тәрбиеленушілеріне көрсетіп, қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық рәсімі  жасалды.  Мақсаты: ұлттық тәрбие беру арқылы балаларға ұлттық тұрмыстық жағдайлармен таныстыру.   Ұлттық рәсімдердің бірі "Бесікке салу" қуанышын  көрсету, бесік жырын тыңдату арқылы баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
14 наурыз - Көрісу күні
14
март
2026
14 наурыз - Көрісу күні
14 наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе - реніш ұмытылып, кешіріледі. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісін үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға
«Ұлттық құндылық- ұлттық тәрбие балабақшада»
27
февраль
2026
«Ұлттық құндылық- ұлттық тәрбие балабақшада»
2026 жылдың 27 ақпан күні  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйым педагогтарына Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы  №7 орта мектебінің базасында  «Адал азамат» біртұтас тәрбие: «Ұлттық құндылық- ұлттық тәрбие балабақшада», облыстық  "Ұлттық құндылықтар - бала тәрбиесінің қайнар көзі" тақырыптарында  дөңгелек үстел өтті. Мақсаты:  Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне, балаларға ұлттық құндылықтарды сіңіру арқылы олардың бойында
«Антарктида – пингвиндер әлемі»
16
февраль
2026
«Антарктида – пингвиндер әлемі»
Тақырыбы: 🐧❄️ «Антарктида – пингвиндер әлемі» Жас тобы: Ортаңғы топ (4–5 жас) Білім беру салалары: Таным, Қатынас, Шығармашылық Мақсаты:Балалардың Антарктида туралы түсінігін кеңейту, пингвиндердің тіршілігімен таныстыру арқылы зерттеушілік қызығушылығын дамыту.Балалардың сенсорлық қабылдауын және ұсақ моторикасын дамыту, түстерді ажыратуға, заттарды сәйкестендіруге үйрету. Ойын арқылы қызығушылығын арттыру және қарапайым әрекеттерді орындауға дағдыландыру. Жануарларға деген мейірімділік
Су асты әлемі!
10
февраль
2026
Су асты әлемі!
"Балапан" ересек тобы. Ашық оқу іс әрекеті (кіріктірілген) Тақырыбы: "Су асты әлемі" Мақсаты: Судың қасиетімен таныстыру, балаларға балық су асты тіршілігі туралы түсінік беру.  Дәстірден тыс бейнелеу әдісін қолдана отырып, ұсақ қол моторикасын жаттықтыру. Топ тәрбиешісі Ж.Б.Жуанышева.
"Асық-алтын қазынам"
06
февраль
2026
"Асық-алтын қазынам"
"Асық-алтын қазынам" тақырыбында "Балапан" ортаңғы тобында ашық ұйымдастырылған оқу іс әрекеті өтті. Мақсаты: Жас жеткіншектерді толыққанды тұлғаға айналдыру үшін қазақтың ұлттық құндылығын баланын бойына сіңіру. Асық ойнау арқылы балалар дәлдікке мергеңдікке ептілікке жеңіске деген құштарлыққа намысқойлыққа әділдікке баулу ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу. Міндеттері: Асықтың бала өміріндегі маңызы орасан зор асық ойындары ойнау кезінде баланың түрлі танымдық қасиеттері дамып
«Адалдық дүкені»
05
февраль
2026
«Адалдық дүкені»
«Адалдық дүкені» акциясы — бұл балаларға адалдық, әділдік, сенім және жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтарды ерте жастан ойын және тәжірибелік іс-шаралар арқылы таныстыруға бағытталған. Осы орайда "Гүлсім" балабақшасындағы «Балапан»  ересек тобында сюжеттік-рөлдік ойындар ұйымдастырылды.  Мысалы, «Дүкен» ойынында балалар кезекпен сатып алушы  болды, сатып алушы — тауар үшін шын көңілмен төлеу жасады. Ойын барысында тәрбиеші Жумакүл Берікқызы балалармен бірге  "Адалдық дүкені"  ережесін
10 күндік ас мәзірі
02
февраль
2026
10 күндік ас мәзірі
"Гүлсім" балабақшасының балаларды тамақтандыру бойынша  10 күндік ас мәзірі. Медбике Б.Б.Уйсенбаева