Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Гүлсім»балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(72637) 3-43-16
+7766745066
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Ертеңгіліктер
«Әжемнің ертегісі»
15
июль
2026
«Әжемнің ертегісі»
"Құлыншақ" ересек тобы Тақырыбы: «Заң мен тәртіп» аясында өткізілген «Әжемнің ертегісі» («Мақта қыз бен мысық» ертегісі) Мақсаты: Балаларды қазақ халқының халық ертегісі «Мақта қыз бен мысық» арқылы адамгершілікке, адалдыққа, әділдікке, жауапкершілікке және тәртіп сақтауға тәрбиелеу. Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетін талдау арқылы жақсылық пен жамандықты ажырата білуге, заң мен тәртіптің маңызын түсіндіруге, үлкендерді құрметтеуге, бір-біріне қамқорлық пен сыйластық танытуға баулу. Сөйлеу
"4 маусым - Қазақстан Республикасының рәміздер күні"
03
июнь
2026
"4 маусым - Қазақстан Республикасының рәміздер күні"
"4 маусым - Рәміздер күні" мереке қарсаңында  "Балапан" ересектер тобымен жүргізілген "Рәміздерім - мақтанышым"  атты шығармашылық іс-шара. Мақсаты: балаларға  өз еліміздің рәміздерін құрметтеп қастерлеуге тәрбиелеу. Рәміздер туралы тақпақтарын айтқызып, патриоттық сезімдерін жетілдіру. Тәрбиеші Ж.Б.Жуанышева
"Қош бол балабақша"
26
май
2026
"Қош бол балабақша"
Балапан" ересек тобының "Қош бол балабақша" атты мерекелік ертеңгілігі. Мақсаты: тәрбиеленушілеріміздің балабақшамен қоштасу сәтін мерекелік көңіл-күйде ұйымдастыру, балалардың балабақшада алған білімдері мен жетістіктерін көрсету, мектепке деген қызығушылығын арттыру, ұстаздарға, ата-аналарға құрмет сезімін қалыптастыру. Міндеттері: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; Отанға, білімге, достыққа деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу; Балабақша қызметкерлеріне алғыс айту мәдениетін
"Қош келдің-Әз Наурыз"
17
март
2026
"Қош келдің-Әз Наурыз"
"Қош келдің-Әз Наурыз" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.  Балабақша аумағында киіз үй тігіліп, қазақтың ұлттық қолөнері мен тұрмыстық заттардан көрме ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілердің орындауында би,ән мен күйлер орындалды. Келген қонақтар "Тұсау кесу" рәсіміне қатысып ақ баталарын берді.
"Бесікке салу" рәсімі
17
март
2026
"Бесікке салу" рәсімі
"Бесікке салу" рәсімін балабақшамыздың "Құлыншақ" ортаңғы тобының тәрбиеленушілеріне көрсетіп, қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық рәсімі  жасалды.  Мақсаты: ұлттық тәрбие беру арқылы балаларға ұлттық тұрмыстық жағдайлармен таныстыру.   Ұлттық рәсімдердің бірі "Бесікке салу" қуанышын  көрсету, бесік жырын тыңдату арқылы баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
"Асық-алтын қазынам"
06
февраль
2026
"Асық-алтын қазынам"
"Асық-алтын қазынам" тақырыбында "Балапан" ортаңғы тобында ашық ұйымдастырылған оқу іс әрекеті өтті. Мақсаты: Жас жеткіншектерді толыққанды тұлғаға айналдыру үшін қазақтың ұлттық құндылығын баланын бойына сіңіру. Асық ойнау арқылы балалар дәлдікке мергеңдікке ептілікке жеңіске деген құштарлыққа намысқойлыққа әділдікке баулу ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу. Міндеттері: Асықтың бала өміріндегі маңызы орасан зор асық ойындары ойнау кезінде баланың түрлі танымдық қасиеттері дамып
"Қош келдің, ЖАҢА ЖЫЛ!"
23
декабрь
2025
"Қош келдің, ЖАҢА ЖЫЛ!"
Тақырыбы:"Қош келдің, Жаңа жыл!" Мақсаты:Балалардың Жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру,  мерекелік көңіл күй сыйлау, шырша әсемдігін, қыс келбетін сезіну, достыққа,  бір - біріне бауырмалдық көрсете білуге тәрбиелеу. Тәрбиеші Н.А.Омарова
"Тәуелсіз ел тірегі!"
15
декабрь
2025
"Тәуелсіз ел тірегі!"
"Балапан" ересек тобы. Тақырыбы: "Тәуелсіз ел тірегі!" Мақсаты: Балаларға тәуелсіз мемлекетіміз туралы түсінік беру, балалардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. ҚР мемлекеттік рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру. Отан туралы тақпақты жатқа айтуды үйрету. Балалардың тіл байлығын ой-крісін, сөзді байланыстырып сөйлеуге қабілеттерін дамыту. Тәрбиешісі Ж.Б.Жуанышева