Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Гүлсім»балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(72637) 3-43-16
+7766745066
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлттық құндылық- ұлттық тәрбие балабақшада»
27
февраль
2026

«Ұлттық құндылық- ұлттық тәрбие балабақшада»

2026 жылдың 27 ақпан күні  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйым педагогтарына Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы  №7 орта мектебінің базасында  «Адал азамат» біртұтас тәрбие: «Ұлттық құндылық- ұлттық тәрбие балабақшада», облыстық  "Ұлттық құндылықтар - бала тәрбиесінің қайнар көзі" тақырыптарында  дөңгелек үстел өтті. Мақсаты:  Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне, балаларға ұлттық құндылықтарды сіңіру арқылы олардың бойында  отансүйгіштік, адамгершілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет, салт-дәстүрге деген құрмет сезімін қалыптастыру. Дөңгелек үстелге Байзақ, Меркі, Рысқұлов, Жамбыл аудандары мен Тараз қаласының мектепке дейінгі ұйым педагогтарынан 72 педагог қатысты. Сонымен қатар «Ұлттық ойыншықтар» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде балабақша педагогтары өздерінің қолдан жасаған ойыншықтарын ұсынды. "Гүлсім" балабақша ұжымы "КҮБІ" ұлттық нақышта ойын құралын ұсынды. Ойын құралы Қазақстан республикасы бойынша авторлық құқықпен қорғалған.

               



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив