Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Гүлсім»балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(72637) 3-43-16
+7766745066
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тұмау ауыруларын алдын алу"
24
ноябрь
2025

"Тұмау ауыруларын алдын алу"

 "Тұмау ауыруларын алдын алу шаралары"  тақырыбында балабақша медбикесі Уйсенбаева Бейсекул Бериковна кеңес беріп балабақшадағы алдын алу жұмыстарымен таныстырды.
"Тәрбиеленушілердің арасында тұмау алдын алу шараларына  балабақша мамандары салқын түсе  бірден қамданады.  Бүлдіршіндер балабақшаға келмес бұрын бөлмелердің ауасы тазартылып, санитарлық талапқа сай  ойыншықтар залалсыздандырылады. Ал балабақшаға келген бетте балаларды медбике қабылдап алуы - сырқаттанып тұрған баланы бірден анықтауға, сондай-ақ қалған балаларды тұмау тиюден қорғауға септігін тигізеді. 
Бүлдіршіндердің иммунитетін нығайту мақсатында тәрбиешілер түрлі жаттығулар өткізеді.  
Мәселен, таңғы жаттығудан бастап, балалар арасында түрлі қимыл ойындары жиі ұйымдастырылады. Әсіресе, балалардың қыста да таза ауада серуендеуі, баланың иммундық жүйесін нығайтудың ұтымды жолы.
«Балалардың  таза ауада көбірек серуендеуіне, далада ойынауына көңіл бөліп, түрлі қимыл-қозғалыс ойындары арқылы балалардың иммундық жүйесін күшейтуге мән береміз», - деді балабақша медбикесі  Бейсекул Бериковна



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив