Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Гүлсім»балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(72637) 3-43-16
+7766745066
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеппен сабақтастық
07
апрель
2025
Мектеппен сабақтастық
"Қостөбе орта мектебі мен балабақша арасындағы байланыс" 2024-2025 оқу жылының жоспары бойынша бірлесіп, атқарылған  жұмыстарға қорытынды жасалынып, алдағы іс-шаралар бойынша  жүргізілетін жұмыс барысы талқыланды.
"Кітапханаға саяхат"
17
март
2025
"Кітапханаға саяхат"
"Кітапханаға саяхат" "Құлыншақ ересек тобының балаларымен мектеп кітапханасына саяхат жасап,  қызықты кітаптармен таныстырып, кітап арқылы барлық білімдерді  игеруге болатынын айтыптүсіндіру жұмыстары өтті. Әдіскер Н.Б.Уразбекова.
"Мектеп кітапханасына саяхат"
03
март
2025
"Мектеп кітапханасына саяхат"
"Құлыншақ" ересек тобының балаларымен "Мектеп кітапханасына саяхат"  ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілерді Қостөбе орта мектебінің  кітапханасына  саяхат жасап,  мектептегі кітапханашы Меруерт апаймен танысу, кітапханадағы кітап түрлерімен көрсету,  таныстыруды ұйымдастыру. Мақсаты: балаларға кітапхана туралы мағлұмат беру, кітап түрлерімен таныстыру,  кітапқа, білімге деген құштарлықтарын ояту. Жауаптылар: балабақша әдіскері Н:Б.Уразбекова, топ тәрбиешісі М.С.Әлімбаева  
"Алғыс айту" мерекесі.
28
февраль
2025
"Алғыс айту" мерекесі.
"Балапан"  ересектер тобының тәрбиеленушілері "Гүлсім" балабақшасының қызметкерлерін "1 наурыз - Алғыс айту күні " мерекесмен құтықтап, өзқолдарымен жасап дайындаған жүрекшелері мен тақпақтарын айтып Алғыс білдірді.
"Мектеппен сабақтастық "
20
февраль
2025
"Мектеппен сабақтастық "
"Мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш мектептегі білім беру үдерісінің сабақтастық  мәселелері" бойынша Қостөбе    орта мектебінің ұстаздарымен кездесу ұйымдастырылып өтті. Мақсаты: балабақша және мектеп педагогтарымен өзара әрекет пен тығыз қарым-қатынас орнату. Ұйымдастырушы: балабақша әдіскері Н.Б.Уразбекова
Мектепке саяхат
20
февраль
2025
Мектепке саяхат
20.02.2025 жылы "Құлыншақ" ересек тобының тәрбиеленушілерімен  "Мектепке саяхат"  мекткппен байланыс жұмыс жоспары бойынша  тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілер мектеп ішінің оқу бұрыштарымен және тынысымен таныстырылды. Сыныптарды аралап, ұстазбен, оқу барысымен, оқу құралдарымен таныстырылды.Міндеті: мектеп туралы мағлұмат беру, мектеппен тығыз байланыс орнату. Топ тәрбиешісі Н.А.Омарова.
"Өрт қауіпсіздігінен сақтану"
18
февраль
2025
"Өрт қауіпсіздігінен сақтану"
18.02.2025 жылы "Құлыншақ" ересек тобының тәрбиеленушілерімен "Өрт қауіпсіздігінен сақтану" тақырыбында ойын жаттығу ісәрекеті ұйымдастырылды.  Мақсаты: балаларды өрт қауіпсіздігінен сақтану, өрт болған жағдайдағы жасалатын  іс қимылдарын көрсетіп, үйрету. Өтр болған жағдайда 102-ге қоңырау шалу қажеттілігін айту. Топ тәрбиешісі М.С.Әлімбаева
"Даму" Республикалық ғылыми-практикалық педагогтер шығармашылығын дамыту журналы
04
февраль
2025
"Даму" Республикалық ғылыми-практикалық педагогтер шығармашылығын
04.02.2025 жылы "Гүлсім" балабақшасының педагогтері  "Даму" Республикалық ғылыми-практикалық педагогтер шығармашылығын дамыту журналына өздерінің  жұмыстарын жариялап, №135 басылымдағы журналы мен растау сертификаттарын алды.
Мектеппен байланыс
23
декабрь
2024
Мектеппен байланыс
20.12.2024 жылы "Гүлсім" балабақшасының әдіскері Н.Б.Уразбекова, ересек тобының тәрбиеші Н.А.Омарова, Қостөбе орта мектебінің 1 сынып мұғалімдері: Ұ.К.Бесбаева, С.Б.Бекбалаева және ДӘІЖО А.Нургелованың қатысуымен  "Баланың даму картасы" бойынша жұмыс ұйымдастырды. Мақсаты: Балабақшадан мектепке барған баланың қабілеттерін айқындау,  5-дағдылар бойынша баланың қабілеттері мен білімдерін ары қарай жетілдіру, балабақша мен мектеп аралық байланысты жақсарту. Әдіскер Уразбекова Н.Б.