Ертөстік
Телефоны приемной:
+7(72637) 3-43-16
+7766745066
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қош келдің-Әз наурыз!"
20
март
2024
"Қош келдің-Әз наурыз!"
20.03.2024 жылы балабақшамыздың "Балапан"ересек тобында "Қош келдің-Әз наурыз!" атты мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылып өтті. Мерекелікке топтың ата-аналары мен ауылымыздың құрметті қариялары шақырылды. Тәрбиеленушіле Ұлыстың ұлы күні- наурыз мерекесіне арнаған тақпақтары мен ән-билерін көрсетті. Келген қонақтар мен балаларға арналған дастархан жайылып, наурыз көже таратылды. Міндеті: Балаларға 22 наурыз туралы ұғым беру. Қазақ халқының мәдени-руханиқұндылықтар мен жалпыұлттылық сананы
"Мерекеңмен АНАШЫМ!"
06
март
2024
"Мерекеңмен АНАШЫМ!"
06.03.2024 жылы "Құлыншақ " ортаңғы тобының тәрбиеленушілерімен "Мерекеңмен АНАШЫМ!" атты мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылды. Ертеңгілікке топ ата-аналары мен қонақтар шақырылды. Балалар аналарына, әжелеріне дайындаған құттықтау өлең- тақпақтары мен билерін тамашалап, келген қонақтардың көңілдерін көтеріп, қуантты. Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, баланың бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту. Топ тәрбиешілері Г.Е.Ешеева,
"Алғыс айту күні"
01
март
2024
"Алғыс айту күні"
01.03.2024 жылы "Алғыс айту күні" мерекесіне арнап балабақша педагогтері ата-аналарға таңертеңгі қабылдауды көңілді ұйымдастырды. Аула сыртын мерекеге сай безендіріп, ата-аналармен балаларды жылы жүзбен "Алғыс" тақпақтарымен қарсы алды. мерекеге лайық музыкалық сүйемелдеу қойылып ата-аналарға алғыс ретінде жүрекшелер сыйланды. Мақсаты: өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа өтансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты
"Көңілді эстафета"
19
январь
2024
"Көңілді эстафета"
19.01.2024ж. "Балапан" ересек тобы. "Көңілді эстафета" Дене шынықтыру жетекшісі Н.Уразбекова. Міндеті: Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту, спорт туралы білімдерін кеңейту, қызығушылықтарын арттыру. Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру. Іс-әрекетке деген қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Қажетті құрал-жабдықтар: Кедергілер, шелектер, шана, күрек, шаңғы, хоккей таяқшасы, шайба, аққалаға
"Қош келдің -Жаңа жыл"
29
декабрь
2023
"Қош келдің -Жаңа жыл"
29.12.2023 жылы "Құлыншақ" ортаңғы тобында "Қош келдің -Жаңа жыл" атты мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылып,өтті. Міндеті: Балаларға жыл басы туралы түсінік беру, мерекелік ертеңгілікте шығармашылық дағдыларын арттыру, құрбыларымен бірге қуану, ойын ойнау, келген қонақтармен бірге мерекені тойлау. Топ тәрбиешісі Г.Е.Ешеева
"Көңілді инелектер"
26
октябрь
2023
"Көңілді инелектер"
26.10.2023 жылы "Гүлсім" балабақшасының "Балапан" ересек тобында "Көңілді инелектер" ашық ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті өтті. Міндеті: балаларға табиғаттағы жәндіктер туралы мағлұмат беріп, шығармашылық қабілеттерін, өзара қарым-қатынастарын жақсарту. Табиғатқа деген қамқоршылықтарын арттыру. Топ тәрбиешісі Ж.Б.Жуанышева
"Үй жануарлары және жабайы аңдар"
26
октябрь
2023
"Үй жануарлары және жабайы аңдар"
26.10.2023 жылы "Гүлсім" балабақшасының "Балапан" ересек тобынды ашық ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті өтті. Тақырыбы:"Үй жануарлары және жабайы аңдар" Міндеті: балаларға үй жануарлары мен жабайы жануарлардың айырмашылығын, адамға берер пайдасын айтып түсіндіру. Топ тәрбиешісі: А.Б.Тұрғынбай
Сюжетті рольді ойын "Acпазшылар"
03
апрель
2023
Сюжетті рольді ойын "Acпазшылар"
"Балапан" ортаңғы тобының тәрбиеленушілерінің "Acпазшылар" сюжетті рольдік ойын ойнау барысы.  Мақсаты: балаларға сюжетті рольдік ойын түрлерімен таныстырып, оны ойнатып, жақсы көңіл-күй сыйлау. Топ тәрбиешісі Ж.Б.Жуанышева.
Дидактикалық ойындар.
27
март
2023
Дидактикалық ойындар.
"Балапан" ортаңғы тобының күннің екінші жартысында ұйымдастырылған дидактикалық ойындар: "Жыл мезгілдері","Жабайы және үй жануарлары", "Суда жүзетін көліктер" Мақсаты: Балаларға  жыл мезгілдерін, оның ерекшеліктерін көре білуге, үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажыратуғв, үйретіп, суда жүзетін көлөктермен таныстыру. Өзінің достарымен жақсы қарым-қатынас орната білуге, бір біріне көмек беруге баулу.
"Серуендегі қызықты ойын"
14
март
2023
"Серуендегі қызықты ойын"
"Балапан"  ортаңғы тобы. Серуен кезіндегі балалардың "Ұстап ал!" атты доппен қимылды ойыны. Мақсаты: балаларды қимылды ойындарды ойнауға тарту, допты екі қолмен лақтырып,  ұстап алуды үйрету, шапшаңдық пен ептілікке баулу. Өзінің құрдастарымен жақсы қарым-қатынаста болуға тірбиелеу. Серуен кезінде балаларға жақсы эмоциялық көңіл күй силау. Топ тәрбиешісі Ж.Б.Жуанышева.