Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Гүлсім»балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(72637) 3-43-16
+7766745066
Нашар көрушілер
нұсқасы
14 наурыз - көрісу күні
14
март
2025
14 наурыз - көрісу күні
14.03.2025 жыл.  «Көрісу күні – Амал мерекесі» Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып! «Наурыздың алғысы хабаршысы – Көрісу күні» мерекелік іс-шара.
"Алғыс айту" мерекесі.
28
февраль
2025
"Алғыс айту" мерекесі.
"Балапан"  ересектер тобының тәрбиеленушілері "Гүлсім" балабақшасының қызметкерлерін "1 наурыз - Алғыс айту күні " мерекесмен құтықтап, өзқолдарымен жасап дайындаған жүрекшелері мен тақпақтарын айтып Алғыс білдірді.
"Сюжеттік -рөлдік ойындар көрмесі"
20
февраль
2025
"Сюжеттік -рөлдік ойындар көрмесі"
2025 жылдың 19 ақпан күні мектепке дейінгі ұйымдар арасында өтетін  аудандық  "Сюжеттік -рөлдік ойындар көрмесі" атты байқауға «Гүлсім» балабақшасының  тәрбиешілері  қатысып:  1. «Театр» сюжеттік-рөлдік (Ұжымдық жұмыс); 2. "Kaspi.kz Банк " сюжеттік-рөлдік ойын бойынша тәрбиеші:  Әлімбаева Меруерт Серікқалиқызы   қолөнер жұмыстарын көрсетті.   23 мемлекеттік балабақшалар арасында өткен көрмеде  жасалған жұмыстарымыз жүлделі ІІІ-орын иеленді.
"Өрт қауіпсіздігінен сақтану"
18
февраль
2025
"Өрт қауіпсіздігінен сақтану"
18.02.2025 жылы "Құлыншақ" ересек тобының тәрбиеленушілерімен "Өрт қауіпсіздігінен сақтану" тақырыбында ойын жаттығу ісәрекеті ұйымдастырылды.  Мақсаты: балаларды өрт қауіпсіздігінен сақтану, өрт болған жағдайдағы жасалатын  іс қимылдарын көрсетіп, үйрету. Өтр болған жағдайда 102-ге қоңырау шалу қажеттілігін айту. Топ тәрбиешісі М.С.Әлімбаева
“Шашбау әшекейін жасау”
13
январь
2025
“Шашбау әшекейін жасау”
“Балапан” ортаңғы тобынығ қыздары.  Біртұтас тәрбие аясында "Аналар мектебі" жоспарлы тәрбие сағаты. Ата- ана: Ерланқызы Балжан Тақырыбы: “Шашбау әшекейін жасау” Мақсаты: Қазақтын ұлттық  сәндік бұйымы шашбаумен таныстыру.  Шашбау неден жасалатыны туралы түсіндіру, жасау тәсілін көрсету. Топ тәрбиешісі: А.Б.Тұрғынбай.
"Тәуелсіздігім-тұғырым"
13
декабрь
2024
"Тәуелсіздігім-тұғырым"
 Консультациялық пунктінің жоспары бойынша балабақшаға қамтылмаған балалармен жұмыс. Тақырыбы:"Тәуелсіздігім-тұғырым!" Міндеті: Баланың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, туған елін жерін қастерлеуге және патриоттық тәрбие беру. Ата-анамен қарым-қатынасты арттыру. Топ тәрбиешісі Ж.Б.Жуанышева.
"Кішкентай көмекші"
04
декабрь
2024
"Кішкентай көмекші"
 "Кішкентай көмекші"   Исенби Ахмет пен анасы. Міндеті: мамандық иелерімен таныстыру, үлкендерге көмек  көрсетуді ұйымдастыру, қарапайым тапсырмаларды  орындауға ынталандыру. Жақсы көңіл-күй сыйлап,  ата-анамен қарым-қатынасты жақсарту.
"Әжелер мектебі"
29
ноябрь
2024
"Әжелер мектебі"
"Құлыншақ" ортаңғы тобы.  Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Әжелер мектебі"  жоспары бойынша "Әжемнің ертегісі" танымдық сағаты өтті. Тәрбиеленушілерімізге қонаққа Садирова Күлмән әжеміз келіп,  "Ай мен жұлдыз"ертегісін айтты. Міндеті: Балаларды достыққа, жақсылық жасауға тәрбиелей отырып,  ертегіні тыңдап отырып қиялдарын дамыту. Топ тәрбиешілері: Әлімбаева М.С. Омарова Н.А.
"Кел ойнаймыз - балақай"
25
ноябрь
2024
"Кел ойнаймыз - балақай"
 25.11.2024 жылы "Балапан" ортаңғы тобының консультативтік пункті жоспары бойынша "Кел ойнаймыз - балақай" тақырыбында ата-аналармен балаларға арналған  кездесу ұйымдастырылды.  Балалар мен ата-аналарға дамыту ойын түрлері, ойнау барысы  көрсетілді. Мақсаты:Балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау, баланың сөздік қорын молайту,  баланың қол, саусақ маторикасын дамыту, ата-ана арасында жақсы қарым-қатынас орнату.