Кезектен тыс жалпы ата-аналар жиналысы
21.10.2022 жылы "Гүлсім" балабақшасында кезектен тыс жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Қатысқан ата-аналар саны-42Себеппен келмегендер -13
Жиналысты өткізудің мақсаты: мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартуға, балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәсілдерін өзгертуге қатысты ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тәрбиелеу-білім беру процесінің нәтижелі болуы үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.
Міндеттері:
1) балаларды дамыту, тәрбиелеу мен оқыту процесіне ата-аналарды тарту;
2) ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру;
3) балаларға мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын іске асыру үшін жайлы жағдай жасауда отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру;
4) өзара түсіністік атмосферасын құру, мүдделердің ортақтығын, мектепке дейінгі ұйымның педагогтері мен ата-аналары арасында қарым-қатынасқа деген оң көзқарас пен тілектестікті қолдау;

