Ертөстік
Телефоны приемной:
+7(72637) 3-43-16
+7766745066
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
сентябрь
2020

primaries2020

1987-1992 жылдары  Қазақстан мемлекеттік   қыздар педагогикалық институтында оқып,  «Мектепке дейінгі  педагогика және психология» маманы дипломын алдым. 

 Мектепке дейінгі мекемедегі еңбек өтілі 41 жыл. 1980-1990 жылдары  тәрбиеші, ал 1990 жылдан  бастап, кәзіргі таңға дейін   балабақша   меңгерушісі жұмысын алдыңғы қатарда атқарып келемін. 

 Ешеева   Гульсун Алиевна: 2011 жылы Қазақстан  Республикасының  Президенті Н.А.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

2014 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік балабақша» байқауынан «Бас жүлде» иегері;

2015 жылы Байзақ ауданының әкімі М.Шукеевтің «Алғыс хат» иегері;

2016 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының «Құрмет   грамотасы» иегері;

2017 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің «Құрмет грамотасы» иегері;

2017 жылы Байзақ ауданы бойынша «Ең үздік  балабақша меңгерушісі» номинациясымен 150 000т. сертификатының иегері;

2018 жылы Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың халықарлық академиясының «Құрмет грамотасы» иегері;

2018 жылы Көкшетау-2018 ІV Республикалық «Шығармашыл педагог» слетінің кубогі иегері.

2019 жылы облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усерованың «Мектепке дейінгі мекеменің ең үздік стратегиялық жоспары» дипломымен   марапатталды.

2020 жылы «Қазақстан конституциясына 25 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

Сайлау алды бағдарламамда негізгі 4 мәселе қамтылған. Атап айтсам: 

  1. «Егеменді еліміздің тізгіні – жас ұрпақтың қолында» – деп Тұңғыш Президентіміз атап көрсеткендей, болашағымыз – жас ұрпақтың жан-жақты дамыған, саналы, салауатты өмір салтын ұстанған, дені сау азамат болуы қажет. Осы мақсатта ауылдық жерде өсіп келе жатқан жас ұрпаққа салауатты өмір салтын қалыптастырып, насихаттау үшін, спорт саласын дамытуға атсалысып, спорт кешендерін ашуды қолға алсам деймін. Ауыл жастары бос уақытында спортпен шұғылданып, зиянды әрекеттерден аулақ болып, спортты жанына серік етсе, еліміздің мақтаныштары алдыңғы буын Жақсылық Үшкемпіров, Бақтияр Артаев, Болат Жұмаділов сынды спорт шеберлерінің шығатынына кәміл сенемін.
  2. Жалпы қазақ қартын қазынаға теңеген халық қой. «Қариясы бар елдің – қазынасы бар» демекші ата-апаларымызға қамқоршылық ету мақсатында әр ауылдың әкімшілігі, мекеме басшылары, ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен волонтерлік пункттер ашу. Қарттарға қамқорлық көрсетіп, керекті дәрі-дәрмектерін, азық-түліктерін жеткізіп отыру, үй шаруасына көмектесу. 
  3. Қазіргі таңда қоғамымызда баспанасыз жүрген отбасылар саны күн санап артуда. Өз бағдарламам аясында  тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларды назардан тыс қалдырмай, өмірге деген талпыныстарын арттыру. Атам қазақ жетімі мен жесірін жылатпаған халық қой. Ауыл тұрғындарының, кәсіпкерлердің қолдауымен ата-бабамыздан келе жатқан «Асар» жобасын іске асырып, үй салып баспанасыз отбасыларға беру.
  4. Өзім еңбек етіп жатқан ауылда  балабақшаның жетіспеушілігі. Бала санының көбеюіне байланысты балабақшаға кезекте тұрған балалар саны күн санап артуда, балабақшаға деген сұраныс көп. Балабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. 

4 мәселе – балабақша соғылуына ықпал етіп, жас бүлдіршіннің тұлға болып қалыптасуына үлес қосатын алтын ұя – балабақшамен қамтамасыз ету.

Похожие публикации:

01 апрель 2020 Карантин
18 апрель 2019 Байқау
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив