"Қош бол, балабақша!"
26.05.2022 жылы "Балапан" ересек тобының тәрбиеленушілерін мектепке шығарып салу "Қош бол, балабақша!" мерекелік ертеңгілігі ұйымдастырылды. Топ тәрбиешілері ертеңгілікке ата-аналар мен балабақша қызметкерлерін қонаққа шақырды. Ертеңгілікте балабақша қызметкерлеріне арналған тақпақтар, өлеңдер арнап, алғыстарын білдірді. Балабақша меңгерушісі Г.А.Ешеева балаларға сәт-сапар тіледі.