"Балалармен далаға жауған қарды бақылау"
"Құлыншақ" ересек тобы Серуен: "Балалармен далаға жауған қарды бақылау" Мақсаты: балалармен жауған қарды бақылау арқылы жыл мезгілі - қыс келбетін көрсету (қар, мұз, әйнектегі аяз салған оюлар, т.б.) Тақпақ айту арқылы тіл байлығын арттыру, шанамен сырғанатып, көңілдерін көтеру. Жауды,міне қар аппақ, Айналаның бәрі аппақ. Жасырыпты жолдарды, Тегістепті оларды. Үстін жауып көлдердің, Бетін бүркіп белдердің. Жастық етіп тауды асқақ, Жантайыпты жамбастап. Топ тәрбиешісі.Г.Е.Ешеева