Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
20.12.2021 жылы "Балапан" ересек тобында "Жыл мезгілдері" тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Мақсаты: балаларға жыл мезгілдері туралы, жыл мезгілдерінің айлары туралы, табиғаттың құбылыстары туралы, әр мезгілдің құбылыстары туралы түсініктерін толықтау, баланың ойлау, сөйлеу, еске түсіру қабілеттерін арттыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Балалармен ойын ойнап көңілдерін көтеру. Топ тәрбиешісі Ж.Б.Жуанышева.