Наурыз мерекесі
2022 жылдың 21 наурыз күні Қостөбе ауылдық округі бойынша Қостөбе ауылының мәдениет үйінде ауыл тұрғындарына арналған "Әз-наурыз" атты мерекелік іс шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға "Гүлсім" балабақшасының тәрбиеленушілері "Қазақша би - Наурыз" және "Көктем" биін орындап, көрермендерге керемет көңіл - күй сыйлады. Ауыл әкімшілігі бүлдіршіндерге мерекелік сыйлықтар тапсырды.