---
18 наурыз - "Ұлттық киім" күні
18 наурыз – «Ұлттық киім» күніне арналған «Ұлттық киім-халық қазынасы» тақырыбында шеру ұйымдастырылды. Әр ұлтты ерекшелендіретін – дәстүрлі құндылықтары. Адамның жеке қолтаңбасы болатыны секілді, әр ұлттың қолтаңбасы іспетті дара әдет-ғұрпы, салт-санасы бар. Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.