"Әжелер мектебі"
"Құлыншақ" ортаңғы тобы. Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Әжелер мектебі" жоспары бойынша "Әжемнің ертегісі" танымдық сағаты өтті. Тәрбиеленушілерімізге қонаққа Садирова Күлмән әжеміз келіп, "Ай мен жұлдыз"ертегісін айтты. Міндеті: Балаларды достыққа, жақсылық жасауға тәрбиелей отырып, ертегіні тыңдап отырып қиялдарын дамыту. Топ тәрбиешілері: Әлімбаева М.С. Омарова Н.А.